376,51 420,09 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оралда жаңа халыққа қызмет көрсету орталығы ашылды

  • 82
Оралда жаңа халыққа қызмет көрсету орталығы ашылды

Оралда мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының жанынан «Ашық әкімдік» фронт-кеңсесі ашылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мақсат – көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасын арттыру, ашықтықты қамтамасыз ете отырып, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу. Сонымен қатар дәл осы ғимаратта Зашаған шағын ауданының тұрғындары үшін тағы бір халыққа қызмет көрсету орталығы жұмысын бастады. Қаланың бұл аумағында қазір халық саны 60 мыңнан асқан. Енді олар орталыққа бармай-ақ, бар шаруаны осы жерде бітіре алады. Электронды кезек жүйесімен қамтылған орталық күн сайын 400-дей адамға қызмет көрсете алады. 

Манарбек Хайрушев, қала тұрғыны:

– Ғимараттың іші кең, қызметкерлер жылы шыраймен қабылдап, көмектеседі. Қаланың орталығына бармайды, Чаган-жағалаудың бойында ХҚКО бар, бірақ халық көп, бұл соның қызметін көп жеңілдетер еді.

Хабар 24 телеарнасы