377,86 418,90 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шымкенттегі киелі жерлер туралы енді ұялы телефон қосымшасынан білуге болады

  • 106
Шымкенттегі киелі жерлер туралы енді ұялы телефон қосымшасынан білуге болады

Шымкенттегі тарихи ескерткіштер мен киелі жерлер жайлы енді ұялы телефонның қосымшасынан да білуге болады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жергілікті оқу орнының студенттері осындай жоба жасап жатыр. Олар өз бастамасын «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жүзеге асырылуы талқыланған жиында таныстырды. Басқосуда өлке тарихына қатысты және ұлтымыздың мәдени мұрасына байланысты атқарылған игі шаралардың қортындысы шығарылып, нәтижесі сараланды. Мұғалімдер мен ғалымдар, қоғам қайраткерлері осы жылға арналған өзіндік жоспарларымен де бөлісті. Соның ішінде 4-курс студенті Олжас Құрақбайдың мобильді қосымшасы да бар. Оған 100 шақты тарихи-археологиялық ескерткіш туралы мәлімет енгізілген. Жас дарын жобаны мамыр айында іске қосуды жоспарлап отыр.

Олжас Құрақбай, жоба авторы:

– Қосымшаның негізгі мақсаты – қала аумағындағы киелі нысандарды карта бетіне, оған басқа сайттарда жоқ мағлұматты енгізе отырып, халыққа осындай контентте жеткізу болып саналады. Және осындай қосымшаның артықшылығын таныстыратын болсам, 360 градустық сурет бейнелері жасалынады.

Зәуре Оралбаева, қалалық «Рухани жаңғыру» бөлімінің жетекшісі:

– Шымкенттің өзі ТМД елдерінің мәдени астанасы болып жарияланып отыр. Міне, осы айтулы датаның шеңберінде 40-тан астам іс шара өткізілгелі жатыр. Мұның өзі халықаралық симпозиумдар, республикалық конкурстар, арнайы көрмелер, мерекелік бағдарламалар. Ол жайдан жай той ретінде өткізілетін емес, тарихи-саяси әлеуметтік маңызы зор шаралар деп айта аламыз.

Хабар 24 телеарнасы