Павлодар облысы әкімдігі «Бақауов ұсталды» деген хабарлама туралы пікір білдірді
- 963
- UPD: 21:24, 15.01.2020

Павлодар облысының әкімдігі «Болат Бақауов ұсталды» деген хабарламаға қатысты пікір білдірді.
«БАҚ-та, әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде «Павлодар облысының әкімі ұсталды, тергеліп жатыр» деген мазмұндағы хабарламалар мен аудиожазбалар таралып жатыр. Дәл қазіргі уақытта аталған ақпаратты растайтын ресми деректер жоқ. Ресми деректер жарияланғанға дейін қандай да бір тұжырым жасаудан аулақ болуға шақырамыз. Біз Сіздерді өзіміздің әлеуметтік желілер арқылы хабардар ететін боламыз», - делінген әкімдік хабарламасында.