476,27 474,60 7,83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Талдықорғанда 28 мыңнан аса адамға тұмауға қарсы екпе салынған

  • 446
  • UPD: 09:55, 16.01.2020

Вакцинация өткен жылдың қазан айынан бері жүргізіліп келеді.

Бірінші кезекте жүкті әйелдер, науқастармен жұмыс істейтін дәрігерлер, егде жастағы қариялар мен балалардың иммундық жүйесі күшейтілген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сонымен қатар жабық мекемеде жұмыс істейтіндерге де екпе жасалды. «Соның нәтижесінде қауіпті кезең қалыпты жағдайда өтіп жатыр», - дейді дәрігерлер. Мәселен, қалалық №1 емханаға 108 мыңнан аса тұрғын тіркелген. Солардың бірқатарына жұқпалы аурудың алдын-алу шарасы қолданылды.

Айгүл Смайылова, «Талдықорған қалалық емханасы» МКК эпидемиологі:

- 17700 адамды еккеніз. Ол тұрғындардың 14%-ке дейін құрады. Биылғы жылы тұмауға қарсы алдын алу шараларын жақсы жүргіздік деп есептейміз. Сонымен қатар қала тұрғындарына айтарымыз, аяқ астынан ауырып, дене қызуы көтерілсе, осыған ұқсас белгілері болса, міндетті түрде дәрігерге қаралу керек. Өйткені көптеген адамдар өздері ем-дом жасап жатып қалады. Асқынулар болады. Сондықтан әркім өзі тіркелген ауруханасына барып қаралу керек.

Хабар 24 телеарнасы