377,86 418,90 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстан халқының саны бір жылда 234 мың адамға көбейді

  • 212
  • UPD: 12:52, 16.01.2020
Қазақстан халқының саны бір жылда 234 мың адамға көбейді

Қазақстан халқының саны бір жылда 234 мың адамға көбейді. Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігіне қарасты статистика комитеті мәлім етті.

«2019 жылдың 1 желтоқсанында еліміздегі халық саны 18 млн 611,1 мың адам болды. Оның ішінде қалалықтар – 10 млн 875,7 мың (58,4%), ауылдықтар – 7 млн 735,4 мың адам (41,6%)», – делінген ведомство ақпаратында.

Ақпаратқа сүйенсек, 2018 жылғы 1 желтоқсанмен салыстырғанда халық саны 234,9 мың адамға немесе 1,3 пайызға өскен. Қарастырылған кезеңде ең көп жалпы өсім еліміздің 3 өңірінде, атап айтқанда, Нұр-Сұлтан (61,7 мың адам), Алматы қалаларында (57,8 мың адам) және Түркістан облысында (38,4 мың адам) тіркелді.

Хабар 24 телеарнасы