377,19 415,79 5,93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстан премьер-лигасының жеребесі тартылып, маусым кестесі шықты

  • 120
  • UPD: 11:57, 16.01.2020
Қазақстан премьер-лигасының жеребесі тартылып, маусым кестесі шықты prosports.kz

Елордадағы футбол үйінде Қазақстан премьер-лигасының жеребесі тартылып, маусым кестесі шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Биылғы біріншілікке 12 команда қатысады. Алғашқы тур ойындары жетінші наурызда өтеді. Ел чемпионы «Астана» бірінші лиганың жеңімпазы «Қызылжарды» қабылдайды. Кубок иегері «Қайсар» «Ертіспен» кездеседі. «Ордабасы» «Оқжетпесті» күтеді. «Қайрат» «Таразбен» алаңға шықса, «Тобыл» өз алаңында «Шахтермен» ойнайды. «Каспий» «Жетісумен» сынға түседі. Премьер-лиганың соңғы 33-туры 8 қарашада өтеді. Қазақстандағы кезекті футбол маусымы 21 қарашада ел кубогының финалымен аяқталады.

***

Жасөспірімдердің Қысқы Олимпиадасында биатлон жарысы аяқталды

Жасөспірімдердің Қысқы Олимпиадасында биатлоншылар жарысы аяқталды. Швейцарияда өтіп жатқан кешенді сында Қазақстандық спортшылар жүлдеден тыс қалды. Аралас эстефеталық сында 25 елдің командасы медальдарды сарапқа салды. Қазақстан атынан Ульяна Ардалионова, Влада Васильченко және Данил Червенко мен Вадим Куралес төрттігі сынға түсіп, эстафеталық жарысты тоғызыншы болып аяқтады. Егер қыздарымыз шапшаңдық танытқанда, жерлестеріміздің нәтижесі бұдан да жақсы болар еді. Соңғы болып эстафетаға араласқан жігіттер ұзап кеткен үздіктерді қуып жете алмады. Бұл сында Италия биатлоншылары олимпиада чемпионы атанды.

***

Нысана көздеуден Кувейтте өтіп жатқан Гран-при сайысында Қазақстандық мергендер үш медаль ұтып алды. Стенд атудың «Скит» бағдарламасында Александр Мұхамедиев топ жарды. Әйелдер арасындағы жарыста Әсем Орынбай күміс жүлдені еншілесе, Анастасия Молчановаға қола медаль бұйырды.

Хабар 24 телеарнасы