375,91 420,09 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атырау облысында 46 мың адамға тұмауға қарсы екпе егілді

  • 67
  • UPD: 12:36, 16.01.2020
Атырау облысында 46 мың адамға тұмауға қарсы екпе егілді

Атырау облысында тұмауға қарсы екпе шарасы әлі де жалғасуда, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазан айынан бері 46 мың адам қамтылды. Осы мақсатқа 30 мың доза дәрі жергілікті бюджеттің қаражатына сатылып алынған болатын. Вакцина ауруға бейім немесе әлеуметтік аз қамтылған тұрғындарға тегін егілді. Ал, облыстағы ірі мекеме-кәсіпорындар өз қаржысына жұмысшыларын дәрі-дәрмекпен қамтыды. Сондай-ақ емдеу орындарындағы ақылы кабинеттер арқылы тұмауға қарсы ем-дом алуға мүмкіндік жасалған. Оның бағасы 2500 теңгеден, 3500 теңге аралығында. Мұнайлы өңірде әзір оқыс жағдай тіркелген жоқ. Облыстық тауарлар мен қызметтер сапасы және қауіпсіздігін бақылау департаментінің мәліметі бойынша қазан айынан бері тұмау жұқтырған 947 науқас тіркелген. Оларға тиісті медициналық көмек көрестілді. Екпе жұмыстары әлі де жалғасуда.

Гүлнәз Ербатырова, облыстық эпидемиологиялық бақылау бөлімінің басшысы:

- Тұмау вирусына қарсы екпе алғаннан кейін 14 күннен 1 ай аралығында сол вирусқа қарсы иммунитет пайда болады. Ол иммунитет тұмау ауруынан 6 айға дейін қорғайды. Одан кейін жайлап тиімділігі азая бастайды. Бізде аурудың көтерілуі қаңтар-ақпан айларына келеді. Жалпы қазан айында екпе жүргізіледі де, біз эпидмаусымға тұмау ауруына қарсы иммунитетті қалыптастыруға осы вакцинацияны жүргіземіз.

Хабар 24 телеарнасы