418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанай облысында электр қуаты қымбаттауы мүмкін

  • 445
  • UPD: 13:44, 16.01.2020
Қостанай облысында электр қуаты қымбаттауы мүмкін

Аймақты электр энергиясымен қамтамасыз ететін монополист компания орташа тарифті 7,5%-ке көтеруді көздейді.

Энергетиктердің айтуынша, 2020 жылдан бастап станциядан электр қуатын тасымалдау мен тарату құны шарықтап кеткен. Биыл Энергетика министрлігі 30-ға жуық электр станцияның баға саясатына өзгерістер енгізіп отыр. Соның кесірінен бірінші ақпаннан бастап облыста жарықтың құны 17 теңге 64 тиыннан 18 теңге 97 тиынға қымбаттайтын түрі бар. Десек те, тариф жөніндегі өтінім мақұлданған жоқ. Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау департаменті энергетиктердің ұсынысын терең талдап, 10 күн ішінде нақты қорытынды жасайтындарын мәлімдеді.

Анаргүл Өскенбаева, Энерго орталықтың бас директоры:

- Сағатына бір киловатт үшін тарифті алып қарайтын болсақ, оның 43%-і станциядан сатып алатын бағамызды жабуға жетеді. Ал 52%-ін тасымалдау мен таратуға жұмсаймыз. Қалғаны абоненттерге қызмет көрсету шығындары.

Хабар 24 телеарнасы