422.87 509.00 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Роман Скляр жұмыс сапарымен Шымкентке барды

  • 487
  • UPD: 15:18, 16.01.2020
Роман Скляр жұмыс сапарымен Шымкентке барды

Үкімет басшысының орынбасары Роман Скляр Шымкент қаласына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сапар аясында Премьер-министрдің орынбасары бірқатар құрылыс және жеңіл өнеркәсіп нысандарын қалпына келтіру жұмыстарымен танысты. Жаңа кәсіпорынның іске қосылуы Шымкент қаласында тоқыма өндірісін құруға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде Қазақстанда өңделген мақта көлемін екі есеге арттырып, 800 адамды тұрақты жұмыспен қамтамасыз етеді. Сонымен қатар сапар барысында әуежайдағы жаңа терминал құрылысына тексеру жүргізілді. Оның өткізу қабілеті сағатына екі мың жолаушыға жететін болады. Нысандарды аралау барысында Роман Скляр тиісті мемлекеттік органдардың басшыларына бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Одан кейін Премьер-министрдің орынбасары Түркістан облысына барды. Үкіметтің жұмыс тобы облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевпен бірге Түркістан қаласындағы бірқатар әкімшілік, тарихи-мәдени, әлеуметтік маңыздағы нысандарын аралап, құрылыс жұмысымен танысты. Биыл қолданысқа берілетін ғимараттардың құрылысын күнделікті бақылау нәтижесінде құрылыс компаниялары жұмысшылар санын көбейтіп, екі ауысымды жұмыс кестесіне көшті. Сонымен қатар өңірде көгалдандыру, ағаш көшеттерін отырғызу жұмыстарын наурыздың 10-ына дейін толық аяқтау жоспарланып отыр.

Хабар 24 телеарнасы