421,44 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Аягөз ауылында әскерилердің балаларына арналған шағын орталық ашылды

  • 445
  • UPD: 15:16, 16.01.2020
Аягөз ауылында әскерилердің балаларына арналған шағын орталық ашылды

Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауылында әскери қызметкерлердің балаларына арналған шағын орталық пайдалануға берілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мектепке дейінгі білім беру ұйымы 190 орынға шақталған. Ол бұрынғы мектептің қабырғасынан ашылып отыр. Ғимарат күрделі жөндеуден өтіп, есік-терезелері, жарық және жылыту жүйесі жаңартылды. Бұл мақсатқа жергілікті бюджеттен 650 млн теңге бөлінді. Шағын орталық заманауи қондырғылармен қамтылған. Оған 2-5 жас аралығындағы балалар барады.

Хабар 24 телеарнасы