376,51 420,09 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ГРЕКО Қазақстандағы жемқорлықпен күреске бағасын келер жылы береді

  • 41
  • UPD: 17:24, 16.01.2020
ГРЕКО Қазақстандағы жемқорлықпен күреске бағасын келер жылы береді

Халықаралық ГРЕКО ұйымы Қазақстандағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмыстарға 2021 жылы баға бере бастайды.

Ұйымның атқарушы хатшысы Джанлука Эспозитоның айтуынша, жақын арада ел тарапынан түрлі ұсыныстар қабылданады.  Ұйым елдің заңнамасын, сыбайлас жемқорлыққа қатысты жанжалдарды, бұқаралық ақпарат құралдарының хабарламаларын басты назарға алатынын айтады. Сондай-ақ Джанлука Эспозито, Қазақстан сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша мемлекеттер тобына мүшелік үшін бір жылда 10-15 мың еуро аралығында жарна төлейтіндігін атады. Еліміз жақында ғана ГРЕКО ұйымына 50-ел болып кіргені белгілі. Осы арқылы елдегі сыйбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың еуропалық стандарттарға сәйкестігіне тұрақты мониторинг жүргізу көзделген.

Айта кету керек, ГРЕКО ұйымы 1999 жылы құрылған. Оған АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Франция, Швеция, Норвегия бастаған 50 мемлекет мүше.

Джанлука Эспозито, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттер тобының атқарушы хатшысы:

- Қазақстанның бұл ұйымға мүше болуы жемқорлықпен күрестің принциптері мен тетіктерін жетілдіру ісін жақсартуға септігін тигізеді. Сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету жұмысын жандандыруға да көмегі мол.  Қазақ елі мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттер тобының ынтымақтастығы екі тарапқа да тиімді болады деп ойлаймын.

Хабар 24 телеарнасы