380,19 420 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ұлы Абайдың мұрасын дәріптеу мақсатында 80-нен астам шара ұйымдастырылады

  • 104
  • UPD: 17:55, 16.01.2020

Хәкім Абайдың 175 жылдық мерейтойын атап өту үшін ел қазынасынан 3 млрд теңгеге жуық қаражат бөлінеді.

Бұл туралы Мәдениет және спорт министрінің орынбасары Нұрғиса Дәуешов мәлімдеді.

Дәуешовтің айтуынша, Абай мұрасын дәріптеу мақсатында елімізде және өзге мемлекеттерде 80-нен аса іс-шара ұйымдастырылады. Ұлы ойшылдың шығармаларын әлемнің 10 тіліне аударып, оқулық  қылып басып шығару көзделген. Одан бөлек Абай туралы деректі фильмдер жарық көреді. «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейінде жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

Хабар 24 телеарнасы