Аягөзде әскери қызметкерлердің балаларына арналған шағын орталық пайдалануға берілді.
Мектепке дейінгі білім беру ұйымы 190 орынға шақталған. Ол бұрынғы мектептің қабырғасынан ашылып отыр. Ғимарат күрделі жөндеуден өтіп, есік-терезелері, жарық және жылыту жүйесі жаңартылды. Бұл мақсатқа жергілікті бюджеттен 650 млн теңге бөлінді. Шағын орталық заманауи қондырғылармен қамтылған. Оған 2 мен 5 жас аралығындағы балалар барады.