376,43 406 5,86

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жыл басынан бері Нұр-Сұлтанда 10-нан астам жүргізуші мас күйінде ұсталды

  • 126
  • UPD: 20:59, 16.01.2020

Жыл басталғалы елорда көшелерінде масаң күйде көлік жүргізген 10-нан астам адам ұсталды. Тіпті жаңа заң күшіне енген күні де ішімдікке сылқия тойған біраз жүргізуші назарға іліккен. Араларында полицейлерден қашпақ болғандары да бар.

Бұл мас жүргізушілерге жаза күшейген күн. Соған қарамастан Хонда көлігінің иесі рульге ішімдік ішіп отырыпты. Полицияның «тоқта» деген белгісіне қарамастан, қашуға тырысқан. Тіпті, жол бойындағы бағананың бірін құлатқан. Алайда қуғын ұзаққа созылмай, тәртіп бұзушы бағдаршамдардың бірінде қолға түскен. Енді ол 20 тәулікке қамалып, жүргізуші куәлігінен 7 жылға айырылды. Жалпы, заңға енгізілген жаңа нормаларды жүргіншілерден бөлек жүргізушілердің басым көпшілігі де қолдайды екен. Олардың айтуынша, мас жүргізушілердің кесірі жолда жүргендердің бәріне тиетін көрінеді.  

БЛИЦ:

- ДТП көбейіп кетті ғой. Өлім көп. Сондықтан заңды дұрыс деймін. 10,20 жылға соттасын.

- Мас күйінде жүргізуге болмайды. Өте қауіпті. 

- Заңға бағынуымыз керек қой. 

Жүргізушілердің дені жаңа заңға бағынып, жол ережесін бұзбауға дайын. Бірақ  оларды бір мәселе алаңдатып отыр. Ол полицейлердің өз қызметін асыра пайдаланбауы.

БЛИЦ:

- Енді полиция қызметкерлері жүргізушілерге қысым көрсетуді күшейтеді деп ойлаймын. Тіпті қорқытады деп айтуға болады. Сондықтан әрі қарай бізді не күтіп тұрғанын көре жатармыз. Бірақ бұл заңмен келісемін. 

Айтпақшы жаңа заң күшіне енгелі сау жүргізуші қызметінің жұмысы қыза түсті. Солардың біріне хабарласып көрдік. Кездесуден бас тартса да, телефон арқылы қызметтің бұл түрі жайында айтып беруге келісімін берді. 

- Тапсырыс бағасы - 3 мың теңге. Жаңа жылдан бастап, хабарласатындардың саны айтарлықтай көбейді. Оған жақында қабылданған жаңа заң түрткі болса керек. Аптаның соңына қарай, әсіресе демалыс күндері тапсырыс арта түседі. Сондықтан баға көтерілуі мүмкін. Бұл менің негізгі жұмысым емес, бірақ жақсы табыс табуға мүмкіндік береді. 

Жаңа заңның басты мақсаты - жазаны қатаңдатып қана қоймай, тас жолдағы тәртіпті күшейту екені белгілі. Жыл енді ғана басталды. Алайда екі аптаның өзінде полиция 100-ге жуық мас жүргізуші ұстап үлгіріпті. 

Авторлары: Нұршапағат Несіпбаев, Марат Диханбаев

Хабар 24 телеарнасы