376,42 420,09 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбеде жол апаты азаймай тұр

  • 58
  • UPD: 20:05, 16.01.2020
Ақтөбеде жол апаты азаймай тұр

Бір ғана Ақтөбе өңірінде өткен жылы 870 жол апаты тіркеліп, 110 адам қаза тапқан. Жарақат алғандар мыңнан асады.

Бұл алдыңғы жылдармен салыстырғанда әлдеқайда көп. Оқыс жағдайларға талдау жүргізген инспекторлар жол көлік оқиғаларына көбіне-көп тәжірибесі бес жылдан кем жүргізушілер себеп болғандығын анықтаған. Жылдамдықты шамадан тыс арттыру, жолдың қарсы бетіне шығып кету, жаяу жүргіншілерді соғу жиілеген. Полицейлер осыған байланысты алдын алу жұмыстарын күшейтті.  

Айдос Құлжанов, облыстық ПД жергілікті полиция қызметінің бөлімше бастығы:

- Жол-көлік оқиғалары қазіргі уақытта Самара-Шымкент тас жолында және Ақтөбе-Астрахань тас жолында кездестіріп отырмыз. Оның негізгі себептері жолдың қарсы бағытына шығып кету, көлік құралын басқару кезінде ұйықтап қалу фактілері де тіркеліп отыр. Облыстың барлық жол қауіпсіздігін қамтамасыз ететін полицейлері жолға шығып, арнайы жол бөліктерінде қандай қауіпті жол бар екенін қай шақырымда, демалуға болатын жерлерді, шақырымдар көрсетіліп, профилактикалық іс-шаралар жүргізудеміз.

Хабар 24 телеарнасы