375,91 420,09 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Теміржол билетін алып сатушыларға 500 АЕК дейін айыппұл салынады

  • 62
  • UPD: 01:30, 17.01.2020

Теміржол билеттерін алыпсатарларға да жаза күшейді. Бұл туралы көлік комитеті теміржол көлігіндегі бақылау басқармасының басшысы Елдос Нестай мәлімдеді.

Айтуынша, айыппұл көлемі 100-ден 500 айлық есептік көрсеткішке дейін жетеді. Сапаржайларда делдалдармен күрес жүргізіледі. Бұған қоса, қолында билеті жоқ жолаушыларды перронға өткізбеу жайы да қадағаланады. Осылайша билетсіз жолаушылардың жолсеріктермен келісуіне тосқауыл қойылмақ.

Естеріңізге салайық, теміржол көлігі мәселелеріне қатысты заңға да өзгерістер мен толықтырулар енгізілген болатын.

Елдос Нестай, ҚР ИИДМ көлік комитеті теміржол көлігіндегі бақылау басқармасының басшысы:

- Заңның негізгі мақсаты 4 мәселені шешу болып табылады. Жолаушылар тасымалын субъсидиялауды оңтайландыру, жүкті жасырын тасымалдаудың алдын алу және темір жол билеттерін тұтынушы құқық қорғау және билеттерді заңсыз сатуға тыйым салу.  Қазіргі таңда темір жолмен жолаушылар тасымалдау шығыстары мемлекеттік бюджет тарапынан субсидияланады. Бұл вагондарды жалға алу, күтіп ұстау, сатып алу, вокзал шаруашылығы, локомативтік тарту және магистралдық желі қызметтері. Шығыстың басқа бір бөлігін «Қазақстан темір жолы» жүк тасымалы кірістері есебінен көрсетілетін қызметтерге төмен тариф белгілеу арқылы жабады. Бұл ішкі кросс субсидиялау деп аталады.

Хабар 24 телеарнасы