423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Аралдың Аманөткел ауылындағы көпір апатты жағдайда тұр

  • 1192
  • UPD: 21:40, 16.01.2020

Сыр бойының Аманөткел ауылы тұсындағы қалқымалы көпір қирағалы тұр. Бұған дейін де бірнеше рет сыр беріп, елдің берекесі қашқан еді.

Себебі арғы беттегі елдің аудан орталығымен қатынасы қиындайды. Мәселеге жергілікті әкімдік те қанық.  

Нұрлан Жақыпбеков, тілші:

- Дарияның арғы бетінде 5 мыңдай тұрғыны бар 8 елдімекен орналасқан. Олардың негізгі кәсібі мал шаруашылығы. Сондықтан мына өткелдің олардың тыныс-тіршілігінде маңыздылығы жоғары. Алайда 30 эылдан бері пайдаланылып келген көпірдің бүгінде ауыр жүк көліктерін өткізуге мүмкіншілігі бомай тұр. 

Ірі техника қазір 90 шақырым жер жүріп, айналма жолмен қатынайды екен. Ал қалқымалы көпірмен арқылы бұл аралық небәрі 18 шақырымды құрайды.

Қайрат Байсалбаев, Жаңақұрылыс ауылының тұрғыны:

- Ақлақ деген жерде жол бар. Бірақ оның жолы мүмкін емес. Батпақ, алыс, жол жоқ ол жақта. Асфальтта жоқ. Сондай өте нашар жолдарымыз біздің.

Шындалы Әбдіраманов, Аманөткел ауылының тұрғыны:

- Елдің тіршілігі осыған байланысты. Қазір бірнеше шаруақожалығы арғы беттегі шабындықтары бар, мал жайылымдары бар, малдары бар, соның бәріне өздерінің тұрмыстарын жақсартады осының арқасында. Сондықтан өте қажет.

Бұл понтон кезінде 40 тонна жүкті көтеруге қауқарлы болған екен. Темірі шіріп, қайықтары тесілгеннен кейін, 3 рет күрделі жөндеуден өткен. Дегенмен қазіргі жағдайы жамап-жасқауға да келмейді,-дейді тұрғындар. 

Қайырбол Қайырбеков, қалқымалы көпірдің күзетшісі: 

- Тек сыртынан қапталып, астысу тұратын жерлерінің бәрі қаңылтырмен қапталған. Енді осы тұрғанда 4-5 қайықтан су кетіп тұр. Ағашпен тығындап дайындап жүретін едік. Енді қос қабат болған жерде судың қай жерден кетіп жатқаны белгісіз. Ағаш тығынға келмей тұр. 

Бұл мәселеге жергілікті әкімдік те қанық екен. Қазір жаңа қалқымалы көпірдің жоба-сметалық құжаты даярлануда,-деді аудан әкімі.

Мұхтар Оразбаев, Арал ауданы әкімі:

- Сараптаманың қорытындысы шыққаннан кейін біз облыстық бюджетке ұсыныс береміз. Негізі бізге қалқымалы көпірді жаңадан салу. Оған осы қалқымалы көпірмен шешсек, енді абыржының уақыты дейміз ғой, күз, көктемдегі мұздың жүру уақытында уақытша қиындық туындайды, халық оны түсінген, біз жаңа қалқымалы көпірді қалпына келтіріп берсек, халықта қатынас болады ғой деп ойлаймыз. 

Жаңадан салынатын көпірді тұрғындар асыға күтіп отыр. Өйткені күн өткен сайын тозығы жеткен понтонның күрмеулі мәселесі көбейіп бара жатыр.

Авторлары: Нұрлан жақыпбеков, Қанат Еңсебаев, Айтмұхамед Байділдаев

Хабар 24 телеарнасы