418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Петропавлда мемлекеттік сатып алу төңірегінде заң бұзушылық көп

  • 375
  • UPD: 22:32, 16.01.2020

Мемлекеттік сатып алу төңірегінде былық көп. Былтыр сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Cолтүстік Қазақстан облысындағы мамандары 104 қылмыстық заң бұзушылықты  анықтады.

Оның 11-і осы мемлекеттік сатып алуға байланысты. Көп дерек білім беру саласында тіркелген. Мысалы, Мамлют мектеп-интернатын жөндеуге 1 миллион 900 мың теңге белгіленсе, кәсіпкер оны тендерде 1 миллион теңгеге ұтып алған. Кейін аталған фирмамен қосымша келісім-шарт жасалып, бұл сома бірнеше есе өседі. Жалпы осындай 11 дерек бойынша мемлекетке келтірілген шығын көлемі жарты милилард теңгеден асқан. 

Ернар Баянғазин, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттінің сқо бойынша департаменті басшысы:

- Білім саласында сыбайлас жемқорлыққа қатысты әрекеттер өте көп. Себебі бұл бағытқа бөлінетін қаржы да уақыт өткен сайын еселеп артуда. Сондықтан, алдағы уақытта осындай заңбұзушылықтарға жол бермеу үшін біздің мамандар алдын алу жұмыстарымен айналысуда.

Хабар 24 телеарнасы