405,77 457,60 5.76
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Петропавлда патрульдік полицияның автокөліктері бейнетіркегішпен жабдықталды

  • 399
  • UPD: 23:20, 16.01.2020

Петропавлдық патрульдік полиция қызметінің автокөліктері бейнетіркегіш жүйесімен жабдықталды. Әзірге бұл құрылғы 14 көлікке қойылған.

Төрт камераның біреуі көшені, қалғаны жол сақшыларының жұмысын түсіреді.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, барлық бейнежазба бірден орталыққа түседі. Бұл біріншіден, жол қауіпсіздігін қадағалайды, екіншіден, жең ұшынан жалғасқан жемқорлыққа тоcқауыл қояды. Жалпы өткен жарты айда облыс бойынша жол ережесі 500 рет бұзылған. 20 жүргізуші мас күйінде ұсталыпты. 

Дархан Наурызбаев, облыстық ПД Басқармасы басшысының орынбасары:

- Бұл камералар дәлелдік база құқық бұзушылықтарды анықтау және полиция қызметкерлерінің заңдылықты сақтау үшін қолданылады. Яғни, жүргізуші өзінің құқық бұзушылығы мен патрульдік полиция қызметкерлерінің автокөлігіне орнатылған стационарлы монитор арқылы таныса алады.

Хабар 24 телеарнасы