380,93 420,00 6,10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Маңғыстаулық волонтерлер саяхатшыларды өңірдің тарихымен таныстырады

  • 1061
  • UPD: 23:52, 16.01.2020
Маңғыстаулық волонтерлер саяхатшыларды өңірдің тарихымен таныстырады

Биыл маңғыстаулық волонтерлар аймаққа келген саяхатшыларды өңірдің тарихы және мәдениетімен таныстырады. Яғни осы аймақта өтетін халықаралық, республикалық деңгейдегі саяси, мәдени және спорттық шараларда қызмет көрсетеді.

Осы мақсатта былтыр 25 волонтер ағылшынша оқып үйренсе, биыл тағы 100 ерікті тіл білетін болады. Құрамында 300-ге жуық мүшесі бар еріктілер корпусы - Біріккен Ұлттар Ұйымы Даму бағдарламасы мен ел Президентінің алғысына ие болған алғашқы маңғыстаулық волонтерлық жастар тобы. Олар былтыр әлеуметтік жағынан аз қамтылған 180 отбасыға және 123 жалғызбасты азаматқа көмек көрсеткен. Құзырлы органдармен бірлесіп, жоғалып кеткен азаматтарды іздестіру шараларына да белсене атсалысып келеді. 

Оралбай Мұқаш, волонтерлік корпус директоры:

- Былтыр Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Қазақстан-Ресей жастарының форумында осы волонтерлық корпустың жұмысын жоғары бағалаған болатын. Осы сенім, осы жауапкершілік, биылғы волонтерлар жылында да тың серпіліс береді деп сенеміз. Бүгінде волонтерлар корпусы барлық ұйымдардың, мемлекеттік мекемелердің, төтенше жағдайлар департаментінің, полицияның сенімді серіктесі болды деп толық айта аламын. Біз биылдан бастап барлық волонтерлық топтар мен ұйымдар бірлесе әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылардың, мүмкіндігі шектеулі азаматтардың, әлеуметтік жағынан осал топтардың базасын қалыптастыратын боламыз.

Хабар 24 телеарнасы