418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оралда мүмкіндігі шектеулі жандар күткен орталықтың құрылысы тоқтап тұр

  • 340
  • UPD: 08:38, 17.01.2020
Оралда мүмкіндігі шектеулі жандар күткен орталықтың құрылысы тоқтап тұр

Оралда мүмкіндігі шектеулі жандар арнайы орталықтың ашылуын асыға күтіп жүр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Құрылыс 2018 жылдың көктемінде басталған болатын. Құны сол кезде 100 миллион теңгеге бағаланған әлеуметтік бейімдеу үйі демеушілердің қаржысына бой көтеруі тиіс еді. Алайда мүмкіндігі шектеулі жандардың қуанышы ұзаққа созылмады. Төрт қабырғасы қалқайған ғимараттың ішкі әрлеу жұмыстарын тәмамдап, ел игілігіне тапсыруға ешкім асығар емес. Түрлі психоневрологиялық сырқатқа шалдыққан жандар көбіне қоғамнан оқшау қалады. Оларды еңбекке баулып, өмір сүру дағдыларын қалыптастырып, әлеуметтік бейімдеуге көңіл бөлінбейді. Ал жаңа нысан осы олқылықтың орнын толтырар еді дейді қоғам өкілдері.

Гүлмира Батпақұлова, қоғамдық бірлестік төрайымы:

– Осындай адамдар үйде отырып, 4 қабырғадан шыға алмай, өмірді білмей, қоғамға үлесін қоса алмай, сондай кісілер зардап шегіп жүр. Қаланы алсақ, өте көп. Ал ауылды ұмытамыз. Себебі ауылдан кісілер кіре алмайды шыға алмайды. Осындай қиындық бар. Сондықтан осындай орталық қиындықты шешетін болар еді деп ойлаймын.

Арман Өксікбаев, қалалық құрылыс бөлімінің басшысы:

– Ғимарат демеушілердің қаржысына, «Ақжайық» қорының ақшасына салынып басталды. Қазіргі кезде мердігер компанияға 62 миллион теңге ғана төленді. Нысанның жалпы құны 200 миллион теңгенің төңірегінде. Қаржы тапшылығына байланысты бүгінде құрылыс тоқтап тұр. Сол себепті орталық қашан салынып, қашан тапсырылатынын мен айта алмаймын. Бәрі демеушілердің мүмкіндігіне байланысты.

Хабар 24 телеарнасы