375,87 406 5,86

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елорда әуежайында боранға байланысты бірқатар рейс кейінге қалдырылды

  • 310
  • UPD: 11:43, 17.01.2020
Елорда әуежайында боранға байланысты бірқатар рейс кейінге қалдырылды

Елорда әуежайында боранға байланысты рейстер кейінге шегерілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өзге қалалардан келетін ұшақтардың кешігуіне байланысты 9 рейс кейінге қалдырылған. Олар – «FlyArystan» компаниясының Павлодар мен Мәскеуден келетін 2 рейсі және «Эйр Астана» компаниясының Алматы, Қызылорда, Шымкент, Ақтөбе, Оралдан келуі керек болған 7 рейсі. Ал әуежайдан ұшып шығуы тиіс 5 рейс, атап айтқанда «Эйр Астана» компаниясының Алматыға баратын 4 рейсі мен «Аэрофлоттың» Мәскеуге қатынайтын бір ұшақтың уақыты өзгерген. Бұл туралы елорда әуежайы баспасөз қызметі хабарлады. Жалпы Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы штаттық режимде жұмыс істеп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы