Қостанай облысының оңтүстік бөлігінде ақ түтек боран, деп хабарлайды «Хабар 24» тілшісі.
Желдің жылдамдығы секундына 20 метрге дейін жетеді. Соңғы тәулікте төтенше жағдайлар қызметі қар құрсауында қалған 21 автокөліктен 28 адамды құтқарды, олардың үшеуі – бала.
Әсіресе, Арқалық қаласында боран үдеп тұр. Электр желілері үзіліп, қаланың жартысы кешелі бері жарықсыз қалды.