375,87 406 5,86

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Боран салдарынан Нұр-Сұлтаннан ұшатын 16 рейс кейінге шегерілді

  • 188
  • UPD: 16:38, 17.01.2020
Боран салдарынан Нұр-Сұлтаннан ұшатын 16 рейс кейінге шегерілді inform.kz

Ауа райының қолайсыздығына, сондай-ақ ұшу қауіпсіздігі үшін әуе кемелерін мұзға қарсы сұйықтықпен өңдеу жүргізудің мүмкін еместігіне байланысты Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайына келіп-кететін ұшақ рейстері кешігіп жатыр.

Бұл туралы Азаматтық авиация комитеті хабарлайды.

Қазіргі уақытта 16 рейс ұшуға кешігуде. Атап айтқанда, Air Astana әуе компаниясының 10 рейсі (Шымкент-2 рейс, Атырау, Өскемен, Алматы-2 рейс, Ақтөбе 2 рейс, Дубай, Новосибирск) және SCAT әуе компаниясының екі рейсі (Алматы, Ақтау). Сонымен қатар Нұр-Сұлтан – Стамбул бағыты бойынша Turkish Airlines әуе компаниясының рейсі, Нұр-Сұлтан – Дубай бағыты бойынша Flydubai әуе компаниясының, Нұр-Сұлтан – Франкфурт бағыты бойынша Lufthansa әуе компаниясының, Нұр-Сұлтан – Мәскеу бағыты бойынша Аэрофлот әуе компаниясының рейсі.

«Астана» әуе компаниясының 11 рейсі (Алматы – 3 рейс, Қызылорда, Шымкент - 2 рейс, Орал, Ақтөбе - 2 рейс, Өскемен, Новосибирск), SCAT әуе компаниясының 4 рейсі (Алматы, Ақтау, Атырау, Мәскеу), Qazaq Air әуе компаниясының 2 рейсі (Жезқазған, Өскемен) және Нұр-Сұлтан-Мәскеу бағыты бойынша FlyArystan әуе компаниясының рейсі.

Хабар 24 телеарнасы