412,55 465,50 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БҚО-да 42 мың көлік шетелдік нөмірмен жүр

  • 567
  • UPD: 18:39, 17.01.2020

Батыс Қазақстан облысының полицейлері шетелден әкелінген көліктерге қатысты жаңа ережелердің жай-жапсарын түсіндірді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осы уақытқа дейін облыс аумағына 42 мыңдай көлік сырттан кіргізілген. Олардың көбі Ресейден. 1500-дайы Армения, ал 38 көлік қырғыз елінің нөмірімен жүр.

Айта кетерлік жәйт, шетелдік нөмірлі көліктердің қатысуымен облыста 1300 жол-көлік оқиғасы тіркеліпті. 147 жүргізуші оқиға болған жерден бой тасалаған. 3 апатты жағдай адам өлімімен аяқталды. Осыларды ескере келе, шетелдік көлік иелеріне жаңа талаптар жүктеліп отыр. Мысалы, мұндай көліктерді әкелу мен пайдалану тек кедендік рәсімдеу мен баж салығын төлеген жағдайда ғана мүмкін болмақ. Бұл ретте жүргізушілердің де өз айтары бар.

Мейірімбек Есполатов, қала тұрғыны:

- Мен өз машинамды есептеп қарасам, 3 миллион үстінде төлеуім керек, кедендік түрлі төлемдер, жаңағы НДС-ы бар. Соның ішінде утильсборы миллионнан астам теңгеге шығып тұр. Оның өзі де жеке ТОО-ның шотына кетеді, Үкіметке де емес. Неге мысалға адамдарға жақсы көлік әкелуге рұқсат бермеске? Әйтпесе, елдегі машиналардың бәрі шіріп бітті, 10-20 жыл болған машиналар жүр. Адамдарға жаңа машина алуға мүмкіндік жоқ.

Жанболат Жаншин, ПД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы:

- Ресей автокөлігі мен Армения, Қырғызстан автокөліктерінің айырмашылығы – ол деген Ресей автокөліктерінің бәрі Ресей азаматтарының атына қойылған. Ал армян және қырғыз автокөліктерінің бәрі біздің Қазақстан азаматтарының атына қойылған. Сол себепті біздің азаматтар қырғыз және армян автокөліктерін айдап келген азаматтар 10 күннің ішінде автокөліктерін өздерінің аттарына қоюы керек.

Хабар 24 телеарнасы