431,94 474,00 5.78
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтауда қоғамдық көлік жолақысы қымбаттайды

  • 255
  • UPD: 18:41, 17.01.2020
Ақтауда қоғамдық көлік жолақысы қымбаттайды

Ақтауда қоғамдық көліктің жолақысы 50 теңгеден 70 теңгеге қымбаттайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осылайша, қалалық мәслихат кәсіпкерлердің өтінішін қанағаттандырды. Өзгеріс барлық маршруттағы қоғамдық көлікке валидатор орнатылған соң наурыз айынан бастап енгізілмек. Бұл туралы әкімдікте арнайы өткізілген брифингте айтылды. Автопарк иелері тарифті өсіру туралы ұсыныстарын былтыр желтоқсан айында ұсынған. Енді жолақы көтерілсе, көп кешіктірмей жаңа автобустар сатып алуға уәде беріп отыр. Қазіргі уақытта қала ішінде бас-аяғы 74 қоғамдық көлік жүреді. Олардың 80%-інің тозығы жеткен.

Жетібай Құбашев, «Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары» ММбасшысы:

- Жаңаөзенде 60 теңге, Мұнайлы ауданында 70 теңге, ал қала мен Мұнайлы арасында қатынайтындарға 95 теңге. Бұл жерде кәсіпкерлер қызығушылық танытсын деп 70 теңгеге көтеріп жатырмыз, Тасымалдаушылар өздерінің парктерін жаңартады. Сонымен қатар басқа да кәсіпкерлер арасында қызығушылық тудырады. Біз18 автобус алуды белгілеп отырмыз. СПК «Каспий» мен біздің облыс әкімдігі жұмыстарды жүргізіп жатыр. Амандық болса, бұл автобустарды осы 2020 жылдың екінші жартыжылдығының аяғында келеді деген үміттеміз.

Хабар 24 телеарнасы