445,84 487,00 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Дариға Назарбаева қазақстандық ғалымдарға сенуге шақырды

  • 257
  • UPD: 21:25, 17.01.2020

Бүгін Сенат төрағасы Дариға Назарбаева «Kazakh Invest» Ұлттық компаниясы» АҚ және «Қазсушар» РМК басшыларымен кездесті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өз сөзінде «Kazakh Invest» Ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасы Бауыржан Сартбаев инвестициялық жобаларды тартудағы негізгі проблемаларды атап өтті. Салаға кері әсер ететін басты факторлардың бірі инвесторларды қызықтыратын бос жер учаскелерінің жоқтығын және инвестициялық жобаны іске асыруға үш жылға дейін уақыт кететінін айтты. Дариға Назарбаева бұл өте ұзақ мерзім екенін ескертті.

Дариға Назарбаева, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:

- Ғалымдармен, өкінішке орай, біздің мемлекеттік ведомстволарымызда бірлескен жұмыс жоқ. Ғалымдар көп біледі. Тек бұл ақпарат ешкімге қажет емес. Бұл нені білдіреді? Талдау жұмысы бір де бір ұйымда жоқ деген сөз. Сондықтан да біздің ғалымдарымыздың жұмысына сұраныс жоқ. Өз мамандарымызға сенетін уақыт келді.

Хабар 24 телеарнасы