425,99 498,70 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағанды облысында билетсіз жолаушылар жауапқа тартылды

  • 360
  • UPD: 21:26, 17.01.2020
Қарағанды облысында билетсіз жолаушылар жауапқа тартылды

Қарағанды облысының теміржол кассаларында билет тапшы болып, оны өзгелердің вокзал ішінде емін-еркін сатып жүргені анықталған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Пойыз жолсеріктері де өз қызметтерін ұсынған. Мұндай деректерді «Адал жол» жобалық кеңсесі аясында құрылған арнайы жұмыс тобының қызметкерлері анықтаған. Олар өткен жылдың орайында 32 арнайы рейд өткізген.

Денис Шакенов, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігінің облыстық департамент басшысы:

- Агенттік ақпараттық жүйені іске асырды. Бұл жүйе кезектердің болмауына септігін тигізеді. Яғни барлығы электрондық түрде онлайн болады. Билет қажет болған адам еш қиындықсыз электрондық жүйе арқылы билетін ала алады. Әрине, бұл жүйе уақыт өте келе жаңартылып отырады және теміржол транспорттарында заңсыз билеттің сатылуымен жемқорлыққа жол бермейді.

Хабар 24 телеарнасы