375,87 406 5,86

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Маңғыстау облысында пойыздағы рейдтік шаралар жалғасады

  • 152
  • UPD: 21:32, 17.01.2020
Маңғыстау облысында пойыздағы рейдтік шаралар жалғасады

Маңғыстау облысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаментінің қызметкерлері көліктік бақылау инспекторларымен бірлесіп аймақтың кез келген елді мекенінен пойызға мініп тексеру жүргізбек, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ондағы мақсат темір жол бойындағы тәртіпті күшейту. Былтыр «Алматы-Маңғыстау», «Маңғыстау-Алматы» және «Маңғыстау-Атырау» бағытындағы пойыздардың 21 жолсерігі әкімшілік жауапқа тартылған. Олар тиісті құжатсыз жолаушы алып, екі тоннаға жуық рәсімделмеген жүкті тасымалдаған. Екі жолсерік кассадан 8 мың теңгеге сатып алған билеттерін 25 мыңнан сатып, ұсталған. Сосын екі бірдей поезд бастығының заңбұзушылық әрекеттерін жасырып, қамқорлығы үшін пара алып отырған Маңғыстау станциясы желілік полиция бөлімшесінің бастығы қолға түсті.

Нұргүл Мұқатай, СЖҚІҚА ОД Алдын алу және парасаттылық басқармасының бас маманы:

- Біз мынадай уақытта деп кесіп айтпаймыз. Неге десеңіз, ол кенеттен шығуымен пайдалы болады. Кез келген уақытта аяқ астынан жиналамыз да, рейдке шыға қоямыз. Бұл рейдтер де нәтижесіз емес. Мысалға келтіретін болсақ, өткен жылы 79 бірлескен шара өткізілді. Соның нәтижесінде 135 билетсіз жолаушы анықталды. 1496 келі, яғни бір жарым тонна заңсыз тасымалданған жүк анықталды.

 

Хабар 24 телеарнасы