376,49 406 5,86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Петропавлда мемлекеттік балабақшалар сенімді басқаруға берілді

  • 128
  • UPD: 21:59, 17.01.2020

Петропавлда сенімді басқаруға берілген балабақшалардың заңдылығын прокурорлар тексереді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Облыстық білім басқармасы қаладағы 3 ұйымды жекенің қолына беріп жіберген. Бұл мәселені арнамыздың меншікті тілшілері көтеріп, қоғамның қызу талқысына түсті.

Мемлекеттік балабақшаларды жекенің қолына беру туралы ұсыныс кәсіпкерден түскен. Облыстық білім басқармасының қызметкерлері оның өтініші бойынша байқау жариялайды. Бірақ ата-аналармен кеңеспепті.

Владимир Ткаченко, облыстық білім басқармасы басшысының м. а:

Жоқ, ата-аналармен талқыланбады. Бұл біздің қателігіміз шығар. Барлығы заң жүзінде істелді. Бірінші рет болғасын ба, кемшіліктер болды. Олар келесі жобаларда ескеріледі. Бір компанияның құрылтайшысы ауысып кетті. Оның қалалық білім бөлімінің басшысына қатысы бар-жоғын білу үшін мемлекеттік қызмет істері агенттігіне хат жібердік.

Негізі өзін өзі басқару заңы бойынша бұл бастаманы мәслихат депутаттары бекіту керек. Бірақ мемлекеттік сатып алу, яғни тендер оларға жетпей жарияланған. Халық қалаулылары тамызда болған істі қазан айында мақұлдаған.

Владимир Бубенко, облыстық мәслихаттың хатшысы:

- Мемлекеттік-жекеменшік әріптестігі туралы заңның 24-бабына сәйкес 2019-2021 жылдары жүзеге асатын жобалаларды бекіттік. Біздің міндет осы. Ал, кімнің қандай нысанды беріп жатқанына қарамаймыз.

Білім басқармасының қызметкерлері Ұлттық экономика Минситрінің тәртібіне сүйенген. «Бұл – барып тұрған бассыздық», - дейді қалалық мәслихаттың депутаты Павел Афанасьев. Оның айтуынша, заңның күші жоғары.    

Павел Афанасьев, қалалық мәслихат депутаты, заңгер:

Менің ойымша, байқаудың депутаттардың мақұлдауына дейін өтуі дұрыс емес. Яғни, тендердің шешімі тамыз айында белгілі болған. Ал, мемлекеттік-жекеменшік әріптестігінің нысандары қазанда бекітілді. Депутаттар оны қабылдаумауы да мүмкін еді. Бұл жерде білім басқармасы өзінің уәкілдің құқығын асыра пайдаланған.

Енді оны прокурорлар анықтайды. Қазір құзырлы орган қызметкерлері тиісті құжаттарды алып, тексеріс жүргізіп жатыр.

Қайсар Әбішев, қала прокурорының орынбасары:

Біріншіден, бұның бәрі қалай жоспарланды? Неге дәл осы балабақшалар таңдалды? Байқау өтті ме? Қандай талаптар қойылды? Келісімшартқа дейінгі жұмыстар түгел тексеріледі. Оның қорытындысы бойынша тиісті шешім шығарылады.

Айдарбек Айтмұхамбетұлы, тілші:

- Бір қызығы, сенімді басқаруға соңғы 10 жылда салынған балабақшалар берілген. Мәселен, «Балдәурен» 2008, ал «Ақ бота» 2010 жылы ашылған. Бұл тұрғындар тарапынан түсінбейшілік туғызды. Қоғамда қызу талқыланған мәселені балалалар ғана білмейді.

Авторлары: Айдарбек Айтмұхамбетұлы, Төлеген Иманов

Хабар 24 телеарнасы