428,68 501,70 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елорда тұрғындары шетелден әкелген көліктерін рәсімдей алмай әлек

  • 610
  • UPD: 22:05, 17.01.2020

Бүгін елімізде республикалық «Жолда қабылдау» акциясы өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өңірлердегі полиция департаментінің қызметкерлері тұрғындардың көкейінде жүрген сұрақтарына жауап беріп, шетелден әкелінген көліктерді рәсімдеудің жаңа талаптарын түсіндірді.

Себеп – темір тұлпарларды тіркеуге қою құнының жоғары болуы. Акция барысында жүргізушілерді негізнен шетелдік көліктерді заңдастыру мәселесі толғандырды.

Әзімхан Серғұлов, қала тұрғыны:

- Қазақстандық есепке қояйық десек, мысалы көлігімді 2 миллионға алып келгем, 2 миллион 200-ге шығып жатыр ақша. Ол маған 4 миллион 200-ге түсті. Қазақстандық есеп 3,5 миллион тұрады . Ұтыламын ғой. Маған тиімсіз. Дұрыс емес бұл. Үкімет алдын ала келісіп, жалғыз мен емес, бүкіл Қазақстан мініп отыр. Бәріне бір баға шығарып берсін, 400 мың немесе 500 мың, қалта көтеретін.

Тұрғындардың сұрағы бойынша әкімшілік полиция департаментінің басшысы «Бұл жағдайда Салық кодексінің 553-бабына сайкес шетелден көлік алып келген жүргізушілер БАЖ салығын төлеуге міндеттеледі. Ал рәсімдеу сомасын Үкімет заңнамаға сәйкес бекітеді», - деп түсінік берді.

Аталмыш акция Көкшетау қаласында да ұйымдастырылды. Шараға тұлпарды тізгіндегендерді мазалаған сұрақтарға мұнда полицейлерден бөлек, салық және кеден органдарының өкілдері де жауап берді. Ал, қабылдауға келгендердің көбі көліктерін Армения мен Қырғызстаннан әкелгендер. Полицейлер оларға заң бойынша көлік кұралы Қазақстанға келгеннен кейін 10 күн ішінде тіркелуі тиіс екенін түсіндіріп бақты. «Ресейде тіркелген автокөліктер болса, құжаттары дұрыс болған жағдайда емін-еркін жүре алады», - дейді құзырлы орган өкілдері.

Тұрар Рысбек, қала тұрғыны:

- Біздің талабымыз қарапайым ғана. Ол бізде кедендік одақ деген ұйым бар болғандықтан, міне, соның аясында емін-еркін жүргіміз келеді. Ал, біз алып келген көліктер, жылы жаңа, бағасы арзан. Қазақстанда бағасы шарықтап тұрған ескі көліктерге мінгіміз келмейді.

Жалпы 2019 жылы 53 мыңға жуық ескерту жасалып, 274 млн теңгеден астам айыппұл салынған. Олардың үштен бір бөлігі немесе 91 миллион теңгесі төленген. Қазір ескертулер сақтандыру полюсі арқылы жасалатындықтан, мамандар ереже бұзғандардың барлығы жазаланатынына сенімді.

Авторлары: Ғазиза Мұхамеджанова, Асхат Қарақойшиев

Хабар 24 телеарнасы