375,87 406 5,86

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада 1-2 қабатта тұратын пәтер иелері жеделсаты үшін төлем жасауы мүмкін

  • 131
  • UPD: 23:22, 17.01.2020

Тұрғын үйлердің бірінші және екінші қабатында тұратын пәтер иелері лифтіні пайдаланбаса да, төлем жасауға міндеттелуі мүмкін, деп хабарлайды «Хабар 24».

Елорда әкімдігі коммуналдық қызметтерді көрсету қағидасын бекіту туралы қаулыға өзгерістер енгізбекші.

Қазір қоғамдық талқылау жүріп жатыр. Ол 24 қаңтарға дейін жалғасады.

Пәтерлері бірінші, екінші қабатта орналасқан тұрғындар лифт қолданбайды. Осыған орай төменгі қабатта тұратын жұртшылық төлемнен де босатылған еді. Бұл ереже елорда әкімдігінің 2015 жылы шыққан қаулысымен бекітілген. Енді мұны бас қаланың Әділет департаменті «заңға қайшы келеді», деп отыр. Себебі, «Тұрғын үй қатынастары» туралы заңында  кіреберіс, баспалдақ, шатыр мен жеделсатының ортақ мүлікке жатады», деп көрсетілген. Сондықтан оны күтіп ұстауға мүлік иелері бірдей қатысуы тиіс.

Рақымжан Бектанов, қалалық орта сапасы және  бақылау басқармасының бас маманы:

- ҚР құқықтық актілер туралы заңына сәйкес ережеде, қаулыларда көрсетілген нормалар одан жоғары тұратын заңдардан, яғни «Тұрғын үй қатынастары туралы» заңдардарында көрсетілген нормаларға қарама-қайшылық туындап жатыр. Сондықтан әкімдікпен өзгерістер енгізіліп жатыр.

Талап бойынша қаулыға енгізілетін түзетулер екі апта бойы қоғамдық талқылауға түседі. Одан кейін қалалық мәслихатта қаралады.  Қазір елорда тұрғындары өз пікірлерін ашық үкіметтің нормативтік құқықтық актілері порталында ортаға салып жатыр. Жеделсатының төлеміне қатысты жұртшылықтың пікірі де әрқилы. 

Блиц 1:

Былай қарасаң да дұрыс қой. Бірінші қабаттағы тұрғындар не үшін төлеу керек деймін. Олар жоғарыға көтерілмейді. Сондықтан оларға керек емес. Бұл менің өз пікірім.

Блиц 2:

- Мен ойлаймын, бүгінгі күні лифтінің ақшасын төлеу керек. Екінші қабатта тұрғанымен, үйден көшкен кезде, көшіп келген кезде лифт қолданады.

Блиц 3:

- Барлығы төлеуі тиіс. Көп қабатты тұрғын үйдің тұрғындары бәрі бірдей лифт үшін төлем жасаулары тиіс. Заңға бағыну керек деп ойлаймын. Өйтпеген жағдайда тәртіп болмайды. Менің өз басым жеделсаты ортақ дүние болғандықтан, төлем де жалпыға ортақ болуы қажет деген пікірге қосыламын.

Айта кетейік, қазіргі уақытта 5 жарым мыңға жуық лифт бар. Бірінші, екініші қабаттағы пәтер иелері лифтіні қолданбаса да, төлем жасай ма, жоқ па? Бұл мәселені тұрғындар қаулыға енгізілген түзетулерден кейін өздерінің жалпы жиналысында шеше алады. Ал,талқылаудың қорытындысы қаңтардың соңына қарай белгілі болады.

Хабар 24 телеарнасы