375,87 406 5,86

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атырау мұнай өңдеу зауыты ұжымы «Meдикер» компаниясымен бес жылдық келісім жасасты

  • 135
  • UPD: 15:33, 18.01.2020
Атырау мұнай өңдеу зауыты ұжымы «Meдикер» компаниясымен бес жылдық келісім жасасты

Атырауда медицина саласында мемлекет пен жекеменшік арасындағы алғашқы келісімге қол қойылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Атырау мұнай өңдеу зауыты ұжымы «Meдикер» компаниясымен бес жылдық келісім жасасты.

Бұл жоба Ұлттық экономика және Денсаулық сақтау министрліктерінің қолдауымен жүзеге асты. Жаңа бастамаға «Самұрық-Қазына ұлттық әл-ауқат қоры мен «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы да қолдау білдірген. Мұнай өңдеушілер мен олардың отбасы үшін қолға алынып жатқан бұл бастамаға артылған үміт зор.

Атырау мұнай өңдеу зауытының ұжымы үшін Мediker компаниясы кешенді медициналық қызмет түрін ұсынып отыр. Мediker – еліміз бойынша осы саладағы 23 медициналық орталықтың басын біріктіретін іргелі орталық. Компания түрлі медициналық сақтандыру қызметін де көрсетеді.

Айгүл Сегізбаева, Mediker компаниясы тобының басқарма төрайымы:

- Бұл кешенді қызмет түрі медицианлық қызмет сапасын жақсартып қана қоймай, еңбек ұжымы үшін өндірісте жарақат алу мен басқа да оқыс оқиғалардың азаюына кепілдік береді. Біз өз міндетімізіді жауапкершілікпен атқарамыз.

Зауыт ұжымы мен медициналық мекеме арасындағы келісім 5 жылға есептелген. Зауыттықтар Mediker компаниясының осы саладағы көп жылғы тәжірибесі мен озық материалдық-техникалық базасына зор үміт артып отыр. Екіжақты келісім негізінде зауытта еңбек өнімділігі артып, жұмысшылардың саулығы жақсаратын болады.

Луиза Ақанова, «АМӨЗ»ЖШС бас директорының орынбасары:

- Бұл – еліміздің денсаулық саласында мемлекеттік-жекемншік серіктестік аясындағы тұңғыш қадам. Компания ұсынып отырған медициналық қызмет тек жұмысшыларға ғана емес, олардың отбасын да қамтиды.

Медицина саласындағы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобасы жыл бойы зерделенді. Жобаға қатысушы тараптар осы уақыт ішінде барлық мәселені сараптан өткізді. Нәтижесінде мұнай өңдеушілер денсаулық сақтау саласынан сенімді серіктес тапты. Келісім негізінде Mediker компаниясы зауытқа қатысты барлық медициналық бекеттерді қайта жарақтандыратын болады.

Авторлары: Арыстанбек Кенже, Темірлан Сұлтанғазиев

Хабар 24 телеарнасы