380,91 415,08 5,78

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оралда «Қауіпсіз қала» акциясы өтіп жатыр

  • 127
  • UPD: 09:23, 18.01.2020
Оралда «Қауіпсіз қала» акциясы өтіп жатыр

Оралда «жасотандық» жастардың бастамасымен «Қауіпсіз қала» акциясы өтіп жатыр. Ашық-шашық жататын жерасты құдықтарының адам өміріне тікелей қауіп төндіретіні рас.

Өкінішке орай, мұндай жағдайлар бұған дейін талай мәрте тіркелді. Шара басталған бір аптаның ішінде еріктілер қақпақсыз ашық жатқан осындай 20 шақты кәріз құдығын анықтаған. Сондықтан маңызы зор акция алдағы аптада да жалғаса бермек. Белсенді жастар сонымен қатар әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылар мен саяжай тұрғындарының үйлерінде болып, газ пештердің жағдайын көріп шықты.

Нұрғали Жолдасқалиев, «Jas Otan» жастар қанаты ОФ төрағасы:

-  Жазатайым оқиғалардың алдын-алу мақсатында бұл анықталған құдықтар енді тұрғын үй коммуналдық шаруашылғы қызметіне бөліміне арнайы хатпен жолданды. Біздер зерттеу барысында білдік, бұл құдықтар бөлінеді екен, бірі әр түрлі коммуналдық мекемелерге, әркімнің өз құдығы бар былайша айтқанда. Чат арқылы біздерге фотосуреттер мен адрестері келіп жатыр тұрғындардан. Бұл ол бойынша да түскен бойда күніне ТҮКШ міндетті түрде ақпараттар жіберіп отырамыз.

Хабар 24 телеарнасы