376,52 406,00 5,86

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанайда волонтер орталығы жұмысын бастады

  • 190
  • UPD: 09:33, 18.01.2020

Қостанайда еріктілер орталығы өз жұмысын бастады. Облыстағы барлық волонтерлар қозғалысын біріктіретін жаңа ұйым Ассамблея жанынан құрылып отыр.

Оның негізгі төрт бағыты белгіленген. Олар әлеуметтік, спорт, білім және медиация салалары. Қазірдің өзінде аймақта 100-ден аса адам ерікті болуға өтініш берген. Жаңа орталықтың жеке сайты да іске қосылды. Мұнда жүзеге асатын жобалардан бастап орталық жайлы керекті мәліметтер көрсетілген. Мүшелікке қабылданғысы келгендер өтініштерін осында қалдыра алады. 

Айжан Бекманова, «Қоғамдық келісім» КММ басшысының орынбасары:

- Еріктілерге ешқандай қаражат бөлінбейді. Бірақ біз өзіміздің белсенді еріктілерімізді алғыс хат ретінде немесе республикалық деңгейде өтіп жатқан іс-шараға қатысушы ретінде жіберіп, сондай бір ынталандыру өзімізде бар. Жалпы біздің еріктілер сайтында ай сайын Қостанай облысы бойынша «Ең белсенді ерікті» деген айдар болады. Сол жерге еріктінің фотосуретін жариялап, сол туралы шағын мәліметті жариялаймыз.

Хабар 24 телеарнасы