377,04 415,79 5,92

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Депутаттар соттан Бақауовты қамауға алмауды сұраған

  • 208
  • UPD: 12:05, 18.01.2020

Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов қамауға алынды. Ол қызмет бабын асыра пайдалану бойынша айыпталып отыр. Тергеу мәліметтері келтірген дерекке  сүйенсек, күдікті  салық төлеуден жалтарған жақын туысына тиесілі фирманың қызығушылығын қорғаған. Облыстық мемлекеттік кірістер департаменті  аталған фирманың бюджетке 200 миллион теңге салық төлмегенін анықтапты.

Мемлекеттік айыптаушы Болат Бақауов Департаментке кәсіпорындарға жүргізілген тексеру нәтижелерін баяндап отыруды талап еткенін атап өтті. Күдікті тағылған айыппен келіспеді. Оның айтуынша «Aksu Trans Logistik» ЖШС-нің қызығушылығын қорғағаны туралы мемлекеттік кірістер Департаментінің нақты дәлелдері мен айғақтары жоқ. Өз кезегінде Болат Бақауовтың қорғаушылары облыстық және қалалық маслихат депутаттарының, «Нұр Отан» партиясы және ақсақалдар кеңесінің өтінішін оқыды. Олар Бақауовты  қамауға алмауды сұраған. Бірақ бұл сот тарапынан қолдау таппады. Судья Болат Бақауовты 2020 жылдың 16 наурызына дейін қамауға алуға үкім шығарды. Облыс әкіміне сыбайлас жемқорлыққа қатысты аса ауыр қылмыс жасады деген айып тағылып отыр. Мүлкі тәркіленіп, 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қолданылуы мүмкін.

Хабар 24 телеарнасы