376,74 415,79 5,93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Семейде мектептер және колледждің 1,2-курс студенттері үшін сабақ тоқтатылды

  • 135
  • UPD: 09:41, 18.01.2020
Семейде мектептер және колледждің 1,2-курс студенттері үшін сабақ тоқтатылды blogspot.com

Шығыс Қазақстан облысында кешеден бері қарлы дауыл соғып тұр. 0олайсыз ауа райына байланысты төтенше жағдайлар департаменті  халыққа дауылды ескерту жасаған хабарламаны әр сағат сайын жіберіп жатыр.

Аймақта желдің жылдамдығы  өткен түнде кейбір жерлерде секундына 20-25 метрге жетті. Сондықтан ақтүтек бораннан қарға қадым көрінбейтіндіктен кешеден бері өңірдегі 20 дан астам бағыт бойынша жол жабық тұр. Бұл туралы облыстық «Шығыс Жол» мекемесі хабарлады. Әзірше дауыл кезінде жолда қалғандар туралы ақпарат жоқ. Ал қатты желге байланысты Семейде мектеп оқушылары мен колледждің 1-2 курс студенттеріне сабақ тоқтатылды.

Авторы: Олжас Керейхан

Хабар 24 телеарнасы