376,52 406,00 5,86

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Медициналық пойыздар» жобасының үздік қызметкерлері марапатталды

  • 171
  • UPD: 10:03, 18.01.2020

Нұр-Сұлтан қаласында «Медициналық пойыздар» жобасының үздік қызметкерлері марапатталды. «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма Төрағасы Ахметжан Есімов пен Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов  дәрігерлерге құрмет грамоталарын тапсырды.

Естеріңізге салайық, «Медициналық пойыздар» жобасын Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен «Самұрық-Қазына» Қоры жүзеге асырып келеді. Мақсат еліміздің әр облысындағы шалғай аудандардың тұрғындарын тегін алғашқы медициналық-санитарлық және консультациялық-диагностикалық көмекпен қамтамасыз ету. Биыл «Денсаулық» және «Жәрдем» медициналық пойыздарында барлығы 238 жоғары білікті дәрігер 67 мыңнан астам тұрғынға қызмет көрсетті. Оның ішінде 11 мыңнан астамы бала. 273 елді мекенді аралаған медициналық пойыздарда 209 мың  249 дәрігерлік қабылдау болған.

Хабар 24 телеарнасы