376,52 406,00 5,86

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағанды облысында 12 жастағы шебер техника жөндеп, ауылының қажетін өтеп отыр

  • 169
  • UPD: 11:09, 18.01.2020
Қарағанды облысында 12 жастағы шебер техника жөндеп, ауылының қажетін өтеп отыр

Қарағанды облысындағы Қараой ауылында 12 жастағы шебер тұрады. Нұрасыл Несіпбай тұрмыстық техниканың түр-түрін жөндеп, ауылдастарының қажетіне жарап отыр.

Қаршадай бала шеберлікті әкесінен үйренген. Дос Төлегенов сал ауруына шалдыққан. Соған қарамастан шеберхана ашып, бірнеше жыл кәсібін дөңгелетіп келген. Алайда жол апатына ұшырап, денесі қимылсыз қалады. Осыдан соң шеберхана жұмысын ұлы қолына алған. «Әке көрген оқ жонар» демекші талапты жас тұралап қалған кәсіпті бірден шиырып әкетеді. Табысы жаман емес. Ауыл жұртының алғысын алып жүрген жас шеберге қазір өзге елді-мекендерден де тапсырыс көптеп түсіп жатқан көрінеді. Енді ақылды бала жиған ақшасын әкесінің еміне жұмсамақ. Себебі Өзбекстанға барып ем алған Досқа толық сауығу үшін оңалту крустарынан өту керек екен. Ал ол біраз қаражатты қажет етеді. 

Нұрасыл Несіпбай, шебер бала:

- Жас күнімде әкеммен бірге телевизор істеуге көмектесіп жүрдім. Әкем маған барлығын үйретті. Әкем айтты теледидар жасау үшін физика пәнін жақсы білу керек деп. Әкем жол апатына түскеннен кейін еміне ақша жинап көмектесейін дедім. 

Дос Төлегенов, ауыл тұрғыны:

- Өзбекстаннан келсем төрт телевизор істеп қойыпты, үйге келсем. Клиенттер довольный, бәрі мәз, кейбіреуі қорқады бала істеп жатыр деп. Жақсы істейді балам, қуаныштымын. Желание дейді ғой, желание болса болды ғой. Ұлымда желаниесі мықты. Интернеттен бірдеңе көреді, папа мынадай паяльник болады электрический болттарды бұрайтын дейді, алып беремін бәрін.

Хабар 24 телеарнасы