414,77 504.70 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Президенттік кадр резервінің жеңімпазы саясаттану ғылымын дамытуды көздейді

  • 577
  • UPD: 15:36, 18.01.2020

Жұмыс беруші мен жоғарғы оқу орындары түлектерінің арасында байланыс орнатып, ортақ онлайн платформа құру қажет. Сондай-ақ жастарға  білім арқылы жетістікке жетуге болатындығын түсіндіру керек.

Яғни өздеріне деген сенімділікті арттырған жөн. Президенттік жастар кадр резервіне алынған Индира Рыстина осылай дейді. Қазір ол Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде саясаттану кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарады. Оған қоса PhD докторы Абай мұрасын халықаралық деңгейде насихаттау жобасымен айналысады. Ол өзінің білімін ғылым саласын дамытуға арнағысы келеді.

Айта кетейік, Ұлттық комиссия отырысының қорытындысы бойынша 300 үміткер Президенттік жастар кадрлық резервіне алынған болатын. 

Индира Рыстина, президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесі:

- Мүмкіндіктер туып жатыр. Жұмыс орындарын ұсынып жатыр. Соның қатарында бірнеше жұмыс ұсынды. Бірақ өзім ЕҰУ-де қалам деген шешімге келдім. Өздері қабылдап жаңа лауазым ұсынды. Ректордың кеңесшісі Саясаттану кафедрасының лауазымымен қоса алып жүретін. Академиялық мәселелер бойынша ғылым бойынша әсіресе жастардың ғылымы бойынша осы саланы маған тапсырып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы