419,57 511.30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ШҚО-да қар құрсауынан 206 жолаушы құтқарылды

  • 487
  • UPD: 16:28, 18.01.2020
ШҚО-да қар құрсауынан 206 жолаушы құтқарылды

Шығыс Қазақстанда кешелі бері жолда қалған 206 адам құтқарылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

150- ге жуық автокөлік қар құрсауынан шықты. Төтенше жағдайлар қызметіне де дамыл жоқ. Кешелі бері 112 нөміріне көмек сұрап хабарласқандар да есеп жоқ дейді мамандар. Ал далада қалғандардың барлығы маңайдағы елді мекендердегі мектеп және дәрігерлік амбулатоияларға орналастырылды. Жолаушылардың көбі – Бородулиха, Шемонайха, Жаңа Шүлбі аумағы және Өскемен-Семей, Қалбатау-Семей бағытында жолға шыққандар. Аймақта республикалық маңызға ие барлық жолдар әлі жабық тұр. Қазір осы жолдарды тазартуға облыс бойынша 260 техника жұмылдырылған. Дегенмен Қазгидромет өңірде қолайсыз күн райы әлі де сақталатынын хабарлады. Кей аудандарда желдің жылдамдығы секундына 20-25 метрге жетіп, соңынан қар жаууы ықтимал.

Хабар 24 телеарнасы