375,87 406 5,86

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Суық суға түсу бәріне бірдей пайдалы емес – дәрігерлер

  • 152
Суық суға түсу бәріне бірдей пайдалы емес – дәрігерлер Телеканал «Звезда

Арнайы дайындық болмаса, салқын суға түсуге болмайды. Дәрігерлер азаматтарға осылай деп кеңес береді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ертеңгі православ христиандарының «Шоқындыру» жоралғысы кезінде мыңдаған адам суық суға түседі. Сол кезде денсаулығында кінараты бар немесе ағзасы әлсіз адамдарға дене температурасын күрт түсіруге болмайды дейді Ұлттық қоғамдық денсаулық қорғау орталығының өкілдері.

Руслан Сатыбалдиев, ұлттық денсаулық сақтау орталығы директорының орынбасары:

– Мұзойыққа түсу салты бұл біркүндік шаруа емес. Бұл – салауатты өмір салтын ұстанудың ажырамас бөлігі. Сондықтан жыл бойы суық суға түспей, бір күнде ғана мұз суатына барып шомыла салудың денсаулыққа пайдасынан зияны көп. Созылмалы аурулар өршіп кетуі мүмкін. Мәселен, шомылған адамның созылмалы бронхиті болса немесе бүйрегі мен бауыры ауырса, денсаулығы күрт нашарлап кетуі мүмкін. Сондықтан шомылу алдында адамның ағзасы толық дайын әрі сау болуы қажет.

Хабар 24 телеарнасы