426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елорданың «бүкір көпірі» күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін тексеріледі

  • 502
  • UPD: 18:38, 18.01.2020
Елорданың «бүкір көпірі» күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін тексеріледі astana.gov.kz

Қала әкімі Алтай Көлгінов жұмыс сапары барысында бірқатар нысанды аралады.

Елорда әкімі күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін №2 жол өтпесін (бүкір көпір) тексеруді тапсырды. Күрделі жөндеу жұмыстарына байланысты Бөгенбай батыр даңғылы бойында Ш.Уәлиханов көшесінен Ақжол көшесіне дейінгі учаскеде қозғалыс шектеледі. Бұл учаскеде жолақтар саны барлық бағытта төртеуден екеуге азаяды. Маршруттық автобустарды қоспағанда, көпір бөлігінен Ш. Уәлиханов көшесіне сол бұрылысқа уақытша тыйым салынады. Шектен тыс жүктемені азайту мақсатында жақын маңдағы қиылыстарда басқа да жұмыстар жүргізілетін болады.

Ақпарат көзі: astana.gov.kz

Хабар 24 телеарнасы