443,50 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада «Халықтың сүйіктілері» анықталды

  • 285
  • UPD: 22:27, 18.01.2020
Елордада «Халықтың сүйіктілері» анықталды

Елордада «Халықтың сүйіктісі» марапаты табысталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тәуелсіз сауалнама арқылы еліміздің үздік оқытушысы, дәрігері, кәсіпкері, спортшысы, блогері тіпті үздік депутаты анықталды. Сөйтіп 13 тұлға «Құрмет премиясы» иегері атанды. Салтанатты шарада алғаш рет «Отандық дипломатияның дамуына қосқан үлесі» және «ТМД кеңістігінде мәдениаралық диалогты дамытқаны» үшін аталымдары енгізілді. Сондай-ақ шарада халықаралық премия лауреаттарының портреттік шарждары арасында дәстүрлі бәссауда өтті.

Элизабет Тұрсынбаева, мәнерлеп сырғанаушы:

– «Халықтың сүйіктісі» марапатын алғаным үшін қуаныштымын. Ата-анама және маған дауыс берген жанкүйерлеріме рақмет. Қазіргі таңда Мәскеуде спорттық бабымды қалпына келтіріп жатырмын. Келер маусымда ресми жарыстарға қатыса бастаймын.

Әлібек Байнешов, жоба ұйымдастырушысы:

– «Халықтың сүйіктісі» ұлттық сыйлығы биыл тоғызыншы жыл өткізіліп отыр. Бұл сыйлықтың бастамасын қоғам қайраткері Ғалым Байтук ағамыздың, республикалық қоғамдық даму қорының ұйымдастыруымен өткізіліп отыр.

Хабар 24 телеарнасы