380,91 415,08 5,78

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жетекші маманнан аудан әкіміне дейін...

  • 233
  • UPD: 22:19, 18.01.2020

Президенттік кадрлық резервке өткен 300 маманның 39-ы – алматылық, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның ішінде мемлекеттік қызметте 12 жыл жұмыс атқарған Бақытжан Ақжаров та бар. Жас маман Алматы қалалық әкімдігінде жетекші маманнан қалалық басқарма басшысына дейін өскен. Қазір қала әкімдігінің қолдауымен Түрксіб ауданының әкімі қызметіне тағайындалды.

Бақытжан Ақжаров, қалалық Түрксіб ауданының әкімі:

- Кеше Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев мені Түрксіб ауданының тұрғындарына жаңа әкім ретінде таныстырды. Бұл – маған артылған үлкен жауапкершілік пен сенім. Ендігі мақсатым - аудан тұрғындарының әл-ауқатын арттыру, жүріп тұруына қолайлы жағдай жасау және әлеуметтік мәселелерді шешуде ашықтыққа қол жеткізу. Президенттік кадрлық резерв бағдарламасы мен сияқты жас мамандарға идеяларын жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Хабар 24 телеарнасы