377,19 415,79 5,93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы қаласы Алатау ауданының экс-әкімін тұтқындау сәтінен видео тарады

  • 224
  • UPD: 22:01, 18.01.2020
Алматы қаласы Алатау ауданының экс-әкімін тұтқындау сәтінен видео тарады

Алматы қаласы Алатау ауданының бұрынғы әкімі және оның орынбасарының ұсталған сәтінен видео жарияланды.

Еске сала кетйік, Алматы қаласы Алатау ауданының бұрынғы әкімі мен оның орынбасары жемқорлық дерегі бойынша күдікке ілініп, қалалық полиция департаментінің уақытша ұстау абақтысына қамалған болатын. Алматы қаласының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі қалалық прокуратурамен бірлесіп, осы аудан әкімі аппаратының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысын да әшкереледі. Олар былтыр «Өңірлерді 2020 жылға дейін дамыту» мемлекеттік бағдарламасы бойынша бөлінген бюджет қаражатын ірі мөлшерде жымқырды деген күдікке ілінді. Сондай-ақ аудан әкімі орынбасарының мердігер ұйымның өкілінен 500 мың теңге сомасында параны банктік шотқа аудару арқылы алу фактілері бойынша тергеу жүргізілуде.

Хабар 24 телеарнасы