430,51 507,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«100 жаңа есім» жобасының жеңімпазы өз өнерін өзгелерге үйретіп жүр

  • 702
  • UPD: 22:30, 18.01.2020

«Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасы ел ішіндегі талай кәсіп иесінің талантын одан әрі шыңдауға жол ашты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олардың бәрі – де өз саласында еңбегімен жетістікке жеткендер. Солардың бірі – өскемендік суретші Ольга Чавкина. 3 жасынан бастап қолына қылқалам алған суретші қыз бүгінде өз шеберханасын ашып, өнерін өзгелерге үйретіп жүр.

10 жыл бұрын қаладағы арбатта сурет салуды бастаған Ольга Чвкина бүгінде өз жеке шебарқанасын ашқан. Жас суретші бұл нәтижеге бір күнде жеткен жоқ. Жеңіс пен жетістікке жету үшін табандылық керек. Бұл тұрғыда Ольга Чавкина біраз нәтижеге жетті. Аймақта өткен, бірнеше арт-фестивалға қастысып, грантқа ие болған. Қазір өз шеберханасында басқаларды суретшіліккке баулып жүр. Тұрмысы нашар және көп балалы отбасының балаларына тегін дәріс береді. 

Светлана Крылова, қала тұрғыны:

– Қалада осындай шеберхананың көптеп ашылуын қалаймыз. Өйткені тек қана балалар емес, үлкен адамдардың бір уақыт шығармашылыққа көңіл бөлгені дұрыс.

Жас суретші тек шығармашылық қана емес, жастар маслихатының депутаты ретінде тұрғындардың әлеуметтік мәселесімен де шұғылданады. 

Ольга Чавкина, «100 жаңа есім» жобасының жеңімпазы:

– «100 жаңа есім» жобасына қатысып, одан жеңімпаз атанған әрбір адам сол атқа лайық болуы тиіс. Өзі таңдаған бағыты бойынша соңында нақты ісі қалу керек. Сол үшін де мен мына студияны ашып, тынбай еңбектеніп жатырмын. 

Тынбай еңбектің арқасында суретшінің туындыларын Германия, Түркия және Ресейдің жеке коллекционерлері үнемі сатып алады. Суретшінің негізі бағыты туған жер тақырыбына арналған. Әсіресе өр-Алтайдың әдемі табиғатын арқау етеді.

Авторлары: Олжас Керейхан, Дмитрий Пыхтин

Хабар 24 телеарнасы