423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтөбенің жаңа шағын аудандарындағы көшелерге атау беріледі

  • 366
  • UPD: 07:31, 19.01.2020
Ақтөбенің жаңа шағын аудандарындағы көшелерге атау беріледі

Ақтөбенің жаңа шағын аудандарындағы көшелерге таяу уақытта атау беріледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Атап айтқанда, соңғы уақытта құрылысы қарқын алған «Батыс», «Жаңақоныс», «Бауырластар» және өзге де аумақтар толық қамтылмақ. Бұл аудандардың пайда болып, алғашқы тұрғындардың қоныстанғандарына он жылға таяса да, көптеген көшелер атаусыз қалған еді. Былтырдан бері бұл тұрғыда біраз жұмыс атқарылды. Қаланың 128 көшесі мен бір қиылысы, үш шағын ауданы және 14 тұрғын үй алабына атау беру туралы тұрғындардың ұсынысы республикалық ономастикалық комиссияның оң шешімін алды. Енді ол мәслихаттың кезекті сессиясында қаралып, бекітілмек. «Содан кейін ғана нақты іс қолға алынады», - дейді мамандар.

Гүлайым Төлебаева, облыстық тілдерді дамыту басқармасының басшысы:

- Бұл өз кезегінде қала тұрғындарының өздеріне тиесілі бүкіл мемлекеттік қызметтерді, мысалы жедел жәрдем, пошта көмектерін, барлығын алуға үлкен көмегін береді және алдағы уақытта өткізілетін санақтың алдында да өте үлкен өзекті болып табылады. Себебі, әрбір азаматың өзінің мекенжайы болуы керек. Міне, осы мақсатта атқарылған жұмыстардың барлығы өздерінің тиісті оң әсерін береді деп сенеміз.

Хабар 24 телеарнасы