376,16 406 5,90

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбе мектептерінде еріктілер клубы құрылып жатыр

  • 391
  • UPD: 08:21, 19.01.2020

Оған 8-11-ші сынып оқушылары қабылданады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар келесі айдан бастап қоғамдық маңызы бар іс-шараларға қатыспақ. Ал, ең белсенді әрі үлгілі жастар елордада арнайы курстан өтеді. Клубта оқушылардың шығармашылықпен айналысуына да жағдай жасалған.

Данияр Ержановтың волонтерлік қызметпен айналысқанына үш жылға жуықтады. Ол сабақтан бос уақытта тағдыр тәлкегіне түскен жандарға көмек көрсетеді. Бірде бірінің ауласын тазартып берсе, енді бірде көпке үлгі боларлық маңызды шараларға қатысады. Белсенді оқушының еңбегін қала басшысы да елеп, алғыс хатпен марапаттаған.

Данияр Ержанов, 11-сынып оқушысы:

- Үш жыл ішінде көптеген жұмыстар атқардық. Оның ішінде ардагерлер мен жалғызбасты аналарға көмектесеміз. Ол үшін біз көп сауап жинаймыз. Ол бізге де игі іс болып саналады. Әрине, оларда өмірдің бір сынағын алып тұрған адамдар. Біз оларға қолдау көрсетуіміз керек. Еріктілер клубына кіргеннен біз далада бостан бос жүрмейміз. Бұзықтылық жасамаймыз деп есептейміз өзімізді.

Данияр секілді жоғарғы сынып оқушылары қазір мектептерде құрылып жатқан еріктілер клубына қосылуда. Әзірге қаладағы 27 білім беру ұйымында жастар орталықтары жұмысын бастады. Қалғандарында түсіндіру іс-шаралары жүргізіліп, арнайы ережелері бекіп жатыр. Мектеп мұғалімдерінің айтуынша, оқушылар ел Президентінің биылғы жылды еріктілер жылы деп жариялауын зор қуанышпен қарсы алды. Сондықтан да оның аясында атқарылатын жұмыстарға үлес қосуға дайын.

Жандос Табылғанов, қалалық жастар ресурстық орталығының жетекшісі:

- Әрбір мектепте 20 оқушы. Егер де 80 мектепті алатын болсақ, 1500 волонтерді біз қамтиын деп отырмыз. Бұл еріктілер мүшелігіне кіретін балалар. Ал, әр мектепте еріктілерге кірмей де жұмыс жасап отырған волонтерларымыз бар. Төзімділікке, инабаттылыққа, парасаттылыққа, достыққа, патриоттыққа, қарым-қатынасқа барлығына үйретіп жатырмыз. Өмірде үлкен керек нәрсе.

Бүгінде қаладағы жоғарғы оқу орындары мен колледждерде ондаған еріктілер тобы бар. Биылдан бастап жұмысқа тартылатын мүшелеріне ақы төлеу қарастырылған. Ол үшін 4 университет білім және ғылым министрлігінің бөлген екі жүзден аса грантын иеленіпті. Енді Ақтөбедегі еріктілер қозғалысының дамуына мектептің жоғарғы сынып оқушылары да үлес қоспақ.

Авторлары: Әнуарбек Мырзатайұлы, Болат Молдағалиев

Хабар 24 телеарнасы