377,04 415,79 5,92

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Семейлік әскери қызметкерлер өз күштерімен мұз қалашығын тұрғызды

  • 114
  • UPD: 08:47, 19.01.2020
Семейлік әскери қызметкерлер өз күштерімен мұз қалашығын тұрғызды

Семейлік әскери қызметкерлер балаларға ұмытылмас қуаныш сыйлап, өз күштерімен мұз қалашығын тұрғызды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сылағы қардан, кірпіші мұздан соғылған қалашық «Юность» ықшам  ауданында бой көтерді. Оны тұрғызуға 20 мың текше метр қар жұмсалыпты. Әскерилер биік сырғанақтар, хоккей кортын және көз тартар ертегі еліндегі кейіпкерлерді мұздан сомдап берді. Қазірдің өзінде балалар қалашық аймағын сыңғырлаған күлкі мен толассыз шаттыққа толтырып жатыр.

Асан Жүсіпов, «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының әскери қолбасшысы:

- Біз әскери адамдармыз. Әскери қызмет өмірімізде басты орынға ие. Дегенмен, отбасымызды әлеуметтік қолдау жағын ұмытпауымыз қажет. Балалардың ойнап, күліп жүргеніне не жетсін! Олар біздің болашығымыз ғой.

Хабар 24 телеарнасы